Бибісара Асаубаева АҚШ-тағы беделді турнирдің медалі үшін қанша табыс тапты?
Қазақстанның үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева Сент-Луисте (АҚШ) өткен беделді Cairns Cup-2026 әйелдер турнирінде қола медаль иеленді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Турнир қалай өтті?Әлемнің он үздік шахматшысы қатысқан айналмалы турнирде блицтен үш дүркін әлем чемпионы, 22 жастағы Бибісара 9 мүмкін ұпайдан 5 ұпай жинады: екі рет жеңіске жетіп, алты партияны тең аяқтады және бір рет жеңіліс тапты. Асаубаева жалғыз рет сегізінші турда жарыстың болашақ жеңімпазы - қытайлық 16-шы әлем чемпионы Тань Чжунъиден ұтылды.Қорытынды турда қазақстандық спортшы үндістандық шахматшы Хампи Конерумен тең түсіп, үшінші орынды америкалық Карисса Йиппен бөлісті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Saint Louis Chess Club (@stlchessclub) жарияланымы
Қанша табыс тапты?
Аталған турнирдің қола жүлдесі үшін Бибісара Асаубаева 35 мың доллар (шамамен 16 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады. Күміс жүлдегер, америкалық Элис Ли 50 мың доллар (шамамен 22,9 миллион теңге), ал турнир чемпионы Тань Чжунъи 65 мың доллар (шамамен 29,8 миллион теңге) иеленді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess) жариялаған жазба
Бибісара Асаубаева - Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионыҚазақстандық 22 жастағы шахматшы 2025 жылдың соңында мансабында үшінші рет блицтен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бұл жетістік Бибісараны бірегей чемпион етті: ел тарихында спорттың бұл түрінен ешкім мұндай биіктікке көтерілмеген.