World News in Kazakh

Қазақстандық спортшы дзюдодан әлем чемпионы атанды

Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengri Sport.60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Ғабит Расулхан ақтық белдесуде канадалық Роман Семирозумды жеңіп, кадеттер арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

International Judo Federation (@judogallery) жариялаған жазба



Сонымен қатар Қазақстан қоржынына Әділжан Нұрбекен (50 келі) мен Әдия Жанахмет (40 келі) күміс медаль салды. Ал Бекарыс Құдайберген (50 келі) мен Ахмет Баубек (60 келі) қола жүлдегер атанды.
Осылайша, алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша бір алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте көш бастады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam) парақшасынан жарияланым


Еске сала кетейік, Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 23 тамызға дейін жалғасады. Жарысқа 59 елден 457 жас дзюдошы қатысып жатыр.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

KAZ JUDO TEAM (@kaz_judoteam) парақшасынан жарияланым

Читайте на сайте