Silk Way Star оралды: Қытайда Азияның басты жобасының екінші маусымы басталды
Қытайдың Иу қаласында Silk Way Star халықаралық вокалдық шоуының екінші маусымы басталды. Ауқымды тележоба түсірілімін Қытайдың CCTV ұлттық телеарнасы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Бір сахнада әр елдің әртістері қайта бас қосады: екінші маусымға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Вьетнам, Малайзия, Түркия, Сербия, Оңтүстік Африка Республикасы, Жаңа Зеландия, Бразилия және Грузия өкілдері қатысып жатыр.
Рухия Байдүкенова Silk Way Star жобасында. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Ұлан Кенжеғалиев
Бұл Қазақстан үшін батыл эксперименттің жалғасы: бастапқыда халықаралық аудиторияға бағытталып жасалған отандық мәдени-медиа жоба екінші маусымға ұласып, енді Қытай алаңында дамып жатыр.
Қазақстан атынан әнші Рухия Байдүкенова өнер көрсетеді.
Ресми ашылу салтанаты жаңа маусымның түсірілім алаңына айналған Иу қаласында өтті. Жоба әр елдің әртістері музыка арқылы өз мәдениетін таныстырып, бір-бірінің шығармашылығымен танысатын алаң ретінде құрылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv) жарияланымы
Silk Way Star Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылып жатыр.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген CMG редакциялық алқасының мүшесі Ма Шупин Silk Way Star жобасы 2025 жылы Қытай мен Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы аясында пайда болған маңызды халықаралық мәдени жобаға айналғанын атап өтті.
"Silk Way Star - бұл заманауи медиа ортада ой, өнер және технологияларды біріктіру идеясының көрінісі. Байқау халықаралық БАҚ ынтымақтастығын одан әрі тереңдетіп, Жібек жолының тарихын "меннен" "бізге", "Қытайдан" "әлемге" дейінгі аралықта баяндау үшін телевизия мен интернет-платформалардың, онлайн және офлайн форматтардың өзара іс-қимылын әрі қарай да пайдаланады", - деді Ма Шупин.
Ашылу салтанаты. Фото: Jia Ningzhi
Jibek Joly/Silk Way телеарнасының басқарушы директоры Еркежан Күнтуған да жобаның халықаралық маңызына тоқталды. Ол қытайлық серіктестерге алғыс айтып, Silk Way Star жобасы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасудың маңызды алаңына айналғанын жеткізді.
Оның пікірінше, болашақта бұл жоба бұдан да көп дарынды музыканттардың басын қосып, Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.
Еркежан Күнтуған ашылу салтанатында. Фото: Jia Ningzhi
Еске сала кетейік, 2025 жылдың маусымында Қазақстан мен Қытай президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин жобаны жүзеге асыру туралы келісімге қол қойған болатын.
Silk Way Star жобасының маңызы туралы айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаев оны "заманауи мәдени дипломатияның үлгісі" деп атады.
"Шығармашылық пен талант арқылы біз халықтарымыз арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтамыз. Silk Way Star жобасының басты миссиясы да осы", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Silk Way Star жобасының бірінші маусымы Астанада өтіп, бірнеше ел көрермендерінің назарын аударып үлгерген еді.
Silk Way Star ашылуы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Ұлан Кенжеғалиев
Былтыр шоудың финалы қазақстандық Jibek Joly телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар жоба Әзірбайжандағы Space TV, Тәжікстандағы "Сафина", Қырғызстандағы "Музыка" және "Маданият", Моңғолиядағы UBS және "АИСТ Глобал", Өзбекстандағы Zor TV және Грузиядағы Georgian Times арналарында көрсетілді. Телевизиялық және интернет-трансляцияларды есепке алғанда, жобаның жалпы қамту көрсеткіші бір миллиард адамнан асты.
Silk Way Star ашылуы. Фото: Jia Ningzhi
Жоба барысында әртістер 90-нан астам нөмір ұсынды. Кадр сыртындағы жұмыс ауқымы эфирдегіден кем болған жоқ. Қойылымдар үшін көп деңгейлі сахна, LED-еден және экрандардан құралған үлкен жарық спиралі пайдаланылды. Алаңда 15 камера жұмыс істеді, ал әрбір қатысушыға оның музыкалық стилі мен мәдени ерекшелігі ескеріле отырып, жеке нөмір дайындалды.
Ауқымдылықтың тағы бір көрсеткіші - көрермендердің дауыс беруі. Жеңімпазды сарапшылар ғана анықтаған жоқ: нәтиженің 50 пайызы қазылар алқасының шешіміне, ал тағы 50 пайызы онлайн-дауыс беруге негізделді. Бұл ретте финалистерге 43 елден дауыс берілді. Финалға деген қызығушылық өте жоғары болды: жоба сайтына жеті елдің көрермендері жаппай кірді.
Моңғолия өкілі Мишель Джозеф жеңімпаз атанды, ал оның есімін Димаш Құдайберген жариялады.
Мишель Джозеф - музыкасында моңғолдың дәстүрлі "уртын дууын" поп, R&B және фанк жанрларымен ұштастыратын әнші әрі әндер авторы. Ол моңғол және ағылшын тілдерінде өнер көрсетеді.
Ол үшін Silk Way Star-дағы жеңіс жай ғана телевизиялық байқаудың титулы емес. Финалдан кейін Мишель екі елдің мәдени жақындығы туралы айтқан болатын.
"Моңғолия мен Қазақстан бір-біріне жат емес. Мәдениетіміз бен тарихымыз өте терең тамырлас. Меніңше, біз бауырлас екі ұлтпыз, сондықтан жүрегіміздегі осы ғажайып достық пен музыканы сақтап қалуымыз керек", - деді ол.
Кейін бұл оқиға жалғасын тапты: 2026 жылдың қаңтарында Моңғолия президенті Мишель Джозефті "Алтын қазық" орденімен марапаттады. Әншінің айтуынша, халықаралық сахнада оның есімі ғана емес, өз елінің аты да аталғаны ол үшін өте маңызды болды.