World News in Kazakh

Күрт өзгереді: 23–25 тамызда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?

Қазгидромет алдағы үш күнге Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. 23, 24 және 25 тамызда мегаполистерде күн райы қандай болатыны Tengrinews.kz материалында.

Астана

23 тамызда күн құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 14-16, күндіз 16-18 градус жылы болады.

24 тамыз синоптиктер күн райы құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады деп болжайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Термометр бағаны түнде 10-12, күндіз 21-23 градусты көрсетеді.

25 тамызда күн құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Алматы

23 тамызда синоптиктер күн райы құбылмалы болады, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжайды. Оңтүстік-батыс, батыс бағытынан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 11 метр. Температура түнде 18-20, күндіз 29-31 градус болады.

24 тамыз күн райы құбылмалы болып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде 18-20, күндіз 28-30 градус жылы болады.

25 тамызда күн бұлтты болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-20 метр. Термометр бағаны түнде 16-18, күндіз 25-27 градусты көрсетеді.

Шымкент

23 тамызда күн құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде 18-20, күндіз 31-33 градус жылы болады.

24 тамыз синоптиктер күн райы құбылмалы болады, жауын-шашынсыз өтеді деп болжайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Температура түнде 20-22, күндіз 31-33 градус болады.

25 тамызда күн құбылмалы болып, жауын-шашынсыз өтуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 8-13 метр. Түнде термометр бағаны 15-17, күндіз 33-35 градусты көрсетеді.

Читайте на сайте