World News in Kazakh

Тоқаев Еуропалық кеңес президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусымда Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.

Читайте на сайте