World News in Kazakh

Алматыдан 257 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

24 тамызда Астана уақытымен сағат 19:31-де ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-нің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауылында 2 балл болды.

21 тамызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды. 20 тамызда Астана уақытымен сағат 22:09-да магнитудасы 3,2 болатын жерасты дүмпулері тіркелді. Ошағының тереңдігі шамамен 20 шақырым, энергетикалық класы 8 болды. Эпицентрдегі жер сілкінісінің қарқындылығы шамамен 3 балл деп бағаланды.

Сейсмологтар Қырғызстан аумағында жер сілкінісі сезілмегенін хабарлады. Эпицентр екі елдің шекаралас аймағында орналасқан.

Читайте на сайте