World News in Kazakh

Астанада Уәлиханов көшесі тағы да ішінара жабылады

Астанада Шоқан Уәлиханов көшесі ішінара жабылады. Учаскелердің бірінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бөгенбай батыр даңғылынан Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Астанадағы жол жөндеу жұмыстары. Дереккөз: қала әкімдігі

"Осыған байланысты ағымдағы жылдың 25-29 тамызы аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара шектеледі. Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұрайды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Бұған дейін жолдың аталған учаскесінде ұқсас жұмыстар жүргізілген болатын. Уәлиханов көшесі 7-13 тамыз аралығында жабылған еді.
Айта кетейік, бұл учаске елордадағы танымал базардың жанында орналасқан. Бүгінде ол ресми түрде "Астана базары" деп аталады, алайда Астана тұрғындары оны әлі де "Артем" деп атайды

Читайте на сайте