Шымкентте газ құбырында өрт шықты: газ беру тоқтатылды
"112" пультіне Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Қаратөбе тасжолының бойында орналасқан газ құбырында газ жанғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жүк көлігі мен бұрғылау жабдықтары өртенген. Газ қызметі ысырманы жауып, газ беруді тоқтатты.
"ТЖМ бөлімшелері газ құбырын салқындатып, өртті сөндірді және оттың жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі тұрғын үй кешенінде өрт шыққан еді. Оқиға салдарынан бір әйел қаза тауып, тағы төрт адам ауруханаға жатқызылды.