Respublica партиясынан Құрылтай депутаты кім болды – тізім
Қазақстандық партиялар Құрылтайдың бірінші шақырылымындағы өз депутаттарының тізімін жариялай бастады. Respublica партиясынан жаңа бірпалаталы парламентке кімдер мандат алып, жұмыс істейтіні туралы – Tengrinews.kz материалында.
Құрылтайда барлығы 145 депутаттық мандат қарастырылған. Сайлау қорытындысы бойынша Парламентке бес саяси партия өтті. Мандаттар олардың арасында келесідей бөлінді:
"Әділет" партиясы – 110 мандат;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат;
"Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат;
Respublica партиясы – 9 мандат.
Respublica партиясынан Құрылтайға келесі 9 депутат кіреді:
Айдарбек Қожаназаров – Respublica партиясының төрағасы.
Саясатқа келгенге дейін аграрлық және квазимемлекеттік салаларда басшылық қызметтер атқарған:
2016–2017 жылдары – «Astana ӘКК» ҰК АҚ төрағасы;
2017–2023 жылдары – «ОлжаАгро» ЖШС бас директоры.
2025 жылдың қазанынан бастап Ходжаназаров – парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. 2026 жылдың қаңтарынан бастап – конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі.
Олжас Құспеков – партия төрағасының орынбасары. 2020 жылдан бастап Білім беруді дамыту және зерттеу қауымдастығын басқарады, бұған дейін U-FUTURE компаниясына жетекшілік еткен және бірқатар компанияның бақылау кеңестеріне мүше болған. VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты.
Махамбет Хасенов – 2012 жылдан бері «Әлмерек мұнай базасы» ЖШС бас директоры. Бұған дейін қаржы секторында басшылық қызметтер атқарған. Мысалы, 2016–2018 жылдары – «Астана Банкінің» вице-президенті және директорлар кеңесінің мүшесі.
2025 жылдың мамыр айынан бастап – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар Алматы қаласы VI шақырылым мәслихатының депутаты болған. 2026 жылы алғаш рет Respublica партиялық тізімі бойынша Құрылтайға түсті.
Динара Наумова – VIII шақырылымдағы Мәжілістің бұрынғы депутаты. 2022 жылы Қазақстандағы Инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығының президенті болып, Қабанбай батыр ауылында елдегі алғашқы инклюзивті фитнес-орталықтың негізін қалады.
Сондай-ақ Наумова:
2022 жылдан бастап – Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі;Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі;
2023–2026 жылдары – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамында болды.
Екатерина Смолякова – VIII шақырылымдағы Мәжілістің бұрынғы депутаты. Парламентке дейін білім беру саласында қызмет еткен. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) оқытушы болып жұмыс істеді, мансап орталығы мен қабылдау комиссиясын басқарды, кейін проректордың орынбасары және әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор болды. 2019 жылдан 2025 жылға дейін ҚБТУ басқарма құрамына кірді.
2025–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.
Нұргүл Тау – VIII шақырылымдағы Мәжілістің бұрынғы депутаты. Парламентке дейін көп жылдар бойы Алматы қаласында білім беру саласында қызмет етті. Қазақстан-Ресей инженерлік-экономикалық колледжінде, кейін қалалық білім басқармасы жүйесінде – бас маманнан бастап тәрбие және мектепке дейінгі білім бөлімінің басшысына дейінгі жолдан өтті.
2023–2026 жылдары VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты және Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болды.
Бекжан Айтқұлов – партияның Түркістан облыстық филиалының басшысы. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, соның ішінде алюминий өндірісімен айналысқан "Цветлит" ЖШС-ін және "ASTROTECH HOLDING" ЖШС-ін басқарған.
Айтқұловтың депутаттық жұмыс тәжірибесі де бар. Ол Түркістан облыстық мәслихатының депутаты болып, алдымен «Нұр Отан» партиясынан, кейін Amanat партиясынан сайланған.
Руслан Идрисов – қазақстандық кәсіпкер, Global Foods компаниясының негізін қалаушы және Алматы қаласы VIII шақырылым мәслихатының депутаты. Алматы қаласы Джиу-джитсу федерациясын басқарады.
Мейірхат Қасымбаев – "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы басқармасының бұрынғы төрағасы. Компанияны 2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қазанына дейін басқарды. Сондай-ақ IQana білім беру қорының қамқоршысы болып табылады. 2026 жылдың шілдесінде партиялық тізім бойынша Құрылтай депутаттығына кандидат болды.
Бұған дейін Құрылтайдағы өз депутаттарын келесі партиялар таныстырған болатын: "Ауыл", "Ақ жол" және ЖСДП.
Қазақстан Парламентінде не өзгерді
1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Ол қабылданғаннан кейін Парламенттің қос палатасы – Мәжіліс пен Сенат – жұмысын тоқтатып, олардың депутаттары таратылды. Олардың орнына бірпалаталы Парламент – Құрылтай келді. Бұл бес жылға сайланатын 145 депутаттан тұратын жаңа заң шығарушы орган.
23 тамыздаҚазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Бұл 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау болды.
25 тамыздағы дауыс берудің қорытынды нәтижелерін осы жерден оқыңыз.