2027 жылы ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдар өседі: сомалары белгілі болды
2027 жылы жол жүрісі қағидаларын (ЖЖҚ) бұзғаны үшін көбірек төлеуге тура келеді. Бұл 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында көрсетілген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) болжамды өсіміне байланысты, деп хабарлайды Tengri Auto.
АЕК пен айыппұлдар өседі
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – бұл айыппұлдарды, салықтарды, жәрдемақыларды және басқа да төлемдерді есептеу кезінде жыл сайын қолданылатын мемлекет белгілеген сома.2027 жылға арналған бюджет жобасында АЕК-ті 4 693 теңге деңгейінде белгілеу ұсынылды. Қазір ол 4 325 теңге. Сондықтан АЕК-ке байланысты сомалар, соның ішінде ЖЖҚ бұзғаны үшін айыппұлдар да артады.
Бұл ретте аталған АЕК мөлшері түпкілікті емес екенін ескеру маңызды. Қазір мәселе қоғамдық талқылаудан өтіп жатқан бюджет жобасы туралы болып отыр. Осыдан кейін құжат Құрылтайға түседі, онда депутаттар өзгерістер енгізуі мүмкін.
Бюджеттің соңғы параметрлері заң қабылданып, оған Президент қол қойғаннан кейін белгілі болады.
Жылдамдықты асыру
Айыппұл мөлшері жүргізушінің белгіленген жылдамдықты қаншалықты асырғанына байланысты. Келесі жылы олар былайша өзгеруі мүмкін:
жылдамдықты сағатына 10–20 шақырымға асыру – 5 АЕК: 2026 жылғы 21 625 теңгеден 2027 жылы 23 465 теңгеге дейін;сағатына 20–40 шақырымға асыру – 10 АЕК: тиісінше 43 250 теңгеден 46 930 теңгеге дейін;сағатына 40 шақырымнан астамға асыру – 20 АЕК: тиісінше 86 500 теңгеден 93 860 теңгеге дейін;бір жыл ішінде қайталап бұзу – 30 АЕК: тиісінше 129 750 теңгеден 140 790 теңгеге дейін.
Көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқару
Автомобильді жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. 2026 жылы бұл 21 625 теңге болса, 2027 жылы – 23 465 теңге.
Жол белгілерін немесе таңбаларын елемеу
Жол белгілерінің немесе таңбаларының талаптарын бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде жаза қарастырылған. Айыппұл сомасы 12 975 теңгеден 14 079 теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Бағдаршамның қызыл түсіне өту
Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін 10 АЕК мөлшерінде жаза қарастырылған. 2026 жылы бұл 43 250 теңге, ал 2027 жылы – 46 930 теңге болады.Құқықбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл сомасы 15 АЕК-ке дейін артады. 2026 жылы бұл 64 875 теңге, ал 2027 жылы – 70 395 теңге.
Жаяу жүргіншілер жолымен жүру
Автокөлік жаяу жүргіншілер жолымен жүргені үшін айыппұл 15 АЕК. 2027 жылы сома 64 875 теңгеден 70 395 теңгеге дейін өсуі мүмкін.
Тұраққа дұрыс қоймау
Тұрақ ережелерін бұзғаны үшін келесідей айыппұлдар қарастырылған:
тұраққа дұрыс қоймау – 5 АЕК – 2026 жылы 21 625 теңге және 2027 жылы 23 465 теңге;тротуарға қою – 10 АЕК – тиісінше 43 250 және 46 930 теңге;тұрақ ақысын төлеуден жалтару – 3 АЕК, тиісінше 12 975 және 14 079 теңге.
Полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы талабын орындамауТоқтату туралы талапты орындамағаны үшін айыппұл мөлшері 40 АЕК. 2027 жылы сома 187 720 теңге болуы мүмкін (қазір – 173 000 теңге). Қайталап бұзу көлік жүргізу құқығынан айыруға және бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
Көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілер үшін 60 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған:
2026 жыл – 259 500 теңге;2027 жыл – 281 580 теңге.
Қауіпсіздік белдігі, телефон және жолаушыларды тасымалдау
Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ рөлде телефон пайдаланғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған:
2026 жыл – 21 625 теңге;2027 жыл – 23 465 теңге.
Жаяу жүргіншілердің ЖЖҚ бұзуы
Жаяу жүргіншілер үшін ережені бұзғаны үшін айыппұл 2 АЕК. Тиісінше, ол 8 650 теңгеден 9 386 теңгеге дейін өседі. Қайталап бұзған жағдайда – 10 АЕК:
2026 жыл – 43 250 теңге;2027 жыл – 46 930 теңге.
Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкентте ЖЖҚ бұзуды есепке алудың жаңа балдық жүйесі сынақтан өтіп жатқаны туралы жазған болатынбыз, ол қасақана бұзатындарды куәлігінен айыруға мүмкіндік береді. Жобаның егжей-тегжейі туралы мына сілтеме арқылы оқыңыз.
Тағы оқыңыз: 2027 жылы АЕК өседі: қандай әрекет үшін көбірек төлеуге тура келеді?