World News in Kazakh

Мессидің әйелі жұбайының Аргентина құрамасынан кетуіне қатысты әсерлі жазба арнады

Аргентиналық футбол жұлдызы Лионель Мессидің жары Антонелла Рокуццо жұбайының ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдемесінен кейін әсерлі жазба жариялады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Рокуццо күйеуіне қолдау білдіріп, оның Аргентина құрамасы сапындағы жетістіктерін атап өтті.
Бұл жазба аз уақыт ішінде 4 миллионға жуық лайк жинап, көптеген қолдауға ие болды.

"Сенің мансабыңның бұл кезеңін осылай аяқтағаныңды қаншалықты мақтан тұтатынымды білсең ғой. Бұл ұзақ жылдар, қаншама сәттер, қаншама қуаныштар мен тағдырдың соққысы болды. Мен сенің қалай қиналғаныңды, құлап, қайта тұрғаныңды көрдім. Ісің оңға баспаған кезде берілмей, әрдайым қайта тырысқаныңды көрдім. Осыншама жылдан кейін сенің армандарыңның орындалғанына және өміріміздегі ең бақытты күндерді бастан өткергеніңе куә болу бақыты бұйырды", - деп жазды Антонелла.

Рокуццоның пікірінше, осы жылдар ішіндегі ең бастысы - балаларының әкесінің жетістіктерін көріп, табанды еңбектің арқасында қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын сезініп өскені.

"Мүмкін, бір күні олар сенің тарихыңның қаншалықты ұлы екенін шын түсінер. Ал бүгін олар жай ғана әкелерін мақтан тұтады. Мен де сені мақтан тұтамын. Сенің жолыңды, жеңген қиындықтарыңды және ең бастысы, осы сәттердің әрқайсының артында тұрған тұлғаңды мақтан етемін. Осының бәрін сенің қасыңда өткеру - мен үшін үлкен мәртебе. Біз сені шексіз жақсы көреміз", - деп толықтырды ол.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Antonela Roccuzzo (@antonelaroccuzzo) жарияланымы


Еске салайық, бұған дейін "Интер Майамидің" 39 жастағы шабуылшысы Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.
Оның айтуынша, командадан кету туралы шешімді ол 21 шілдеде, Әлем чемпионатында Испаниядан жеңілгеннен кейін бірнеше күн өткен соң қабылдаған.
Ұлттық құрама сапында Месси 207 матч өткізіп, 125 гол соқты. Осы уақыт ішінде Лионель 2022 жылғы әлем чемпионы, 2021 және 2024 жылдардағы Америка кубогының иегері, 2022 жылғы Финалиссима жеңімпазы және 2008 жылғы Олимпиада чемпионы атанды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Leo Messi (@leomessi) жарияланымы


Антонелла Рокуццо деген кім?
38 жастағы аргентиналық модель Лионель Мессимен бала кезінде, ол Барселонаға көшкенге дейін танысқан. Бірақ олардың махаббат хикаясы 2008 жылы басталды.
Тоғыз жылдан кейін жұп үйленуге шешім қабылдады – қазір олар үш бала тәрбиелеп отыр.
Тарихтағы ең ұлы футболшылардың бірінің жары мәртебесінен бөлек, Антонелла жеке брендін дамытып, қайырымдылықпен айналысады. Қазір ол әлемдегі ең танымал әйелдердің бірі - оның әлеуметтік желідегі парақшасына 41,9 миллион адам жазылған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Antonela Roccuzzo (@antonelaroccuzzo) жарияланымы


Айта кетейік, аргентиналық футболшы әзірге ойыншы мансабын толық аяқтауды жоспарлап отырған жоқ, оның "Интер Майамимен" келісімшарты 2028 жылдың желтоқсанына дейін жарамды.

Читайте на сайте