World News in Kazakh

Алматы облысында жүк көліктері қозғалысына шектеу қойылды

Алматы облысында жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengri Auto."ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 3 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.Қозғалыс шектеуі KZ05-10 "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – "Астана – Алматы" автожолының 20-шақырымынан (Көктерек ауылының маңы) 51-шақырымына (Ақсай ауылының маңы) дейінгі аралығында енгізілді.
Жөндеу кезінде жүргізушілер үшін айналма жол ұйымдастырылған. Бұл учаскеден "Алматы – Қонаев", "Қонаев – Күрті", "Алматы – Шелек – Қорғас" республикалық трассалары, сондай-ақ "Байсерке – Әли" жергілікті жолы арқылы өтуге болады.
Жолды ашудың болжамды мерзімі – 2026 жылғы 30 қыркүйек.
Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлау, жол белгілерінің талаптарын орындау және айналма жолдармен жүру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау сұралады.
Тасжолдардағы қазіргі шектеулер

7 тамыздан бастап - Алматы - Тараз автожолының учаскесінде (159-дан 238-шақырымға дейін). Жұмыстардың болжамды мерзімі - бір ай;24 шілде мен 30 қараша аралығында - Медеу - Тұйықсу автожолында;24 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында - Астана – Қарағанды – Алматы.

Тағы оқыңыз: Жүргізушілер Жезқазған – Арқалық тасжолындағы екі үлкен шұңқырға шағымданды

Читайте на сайте