Алматыдағы 16 қабатты үйден 100 адам эвакуацияланды
Алматыда ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй кешенінің паркингіндегі өртті жедел сөндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бостандық ауданындағы Абай даңғылының бойында орналасқан 16 қабатты тұрғын үйде күштік кабель өртенді. Өрт аумағы бес шаршы метрді құраған.
Хабарлама түскеннен кейін бес минут ішінде оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жетті. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 100-ге жуық адамды, оның ішінде 19 баланы эвакуациялаған.
Өрт қысқа мерзімде толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.