World News in Kazakh

Тоқаев жаңа тағайындалған экология министрі Қуантыровқа тапсырма берді

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен "Таза Қазақстан" бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.

Еске салайық, бұған дейін Президент мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдап, оған бірқатар міндет жүктеген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте