World News in Kazakh

Алматы тұрғындары әл-Фараби даңғылы маңында таудағы өртті видеоға түсіріп алды

Әл-Фараби даңғылы маңындағы тауда шыққан өртті алматылықтар видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Редакцияға оқиға орнынан куәгерлер түсірген кадрлар келіп түсті. Өрт Бостандық ауданындағы Бәйшешек көшесінде шыққаны хабарланды.

Алматы ТЖД мәліметінше, құрғақ шөп жанған. Оқиға орнында мамандандырылған екі өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ-1 және МӨСБ-20) қызметкерлері жұмыс істеді.
Видеодан кадрларӨртті сөндіруге 19 қызметкер мен бес техника жұмылдырылды.

Сағат 19:56-да өрт оқшауланып, 20:05-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Читайте на сайте