69 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 69 жастағы тұрғыны Татьяна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан азаматының жеке куәлігін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Татьяна Владимировна ұзақ уақыт бойы құжатсыз өмір сүрген. Бұған дейін оның 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаты болған, алайда уақыт өте келе ол жоғалған. Өмірлік жағдайларға байланысты әйел құжаттарын қалпына келтіре алмаған.
Жақында ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінген. Қызметкерлер қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тексерулер жүргізіп, тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдады.
Барлық процедура аяқталған соң, тамыздың аяғында әйел Қазақстан азаматының жеке куәлігіне қол жеткізді.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Енді Татьяна Ригер мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз алып, заңда қарастырылған құқықтарын пайдалана алады.
Әйел көші-қон қызметінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтты.
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны 30 жыл бойы құжатсыз өмір сүрген
Бұған дейін біз Солтүстік Қазақстан облысының 58 жастағы тұрғыны Сергей Порядкиннің 30 жыл бойы құжатсыз қалай өмір сүргені туралы баяндаған едік. Ер адам төлқұжатын сонау 90-жылдардың басында жоғалтып алып, содан бері оны қалпына келтіре алмаған. Ол кездейсоқ табыспен күн көріп, қаладан қалаға көшіп жүрген және ресми жұмысқа орналасуға, әлеуметтік төлемдер алуға, медициналық көмекке жүгінуге мүмкіндігі болмаған.