World News in Kazakh

Алматыда дәмханада қызбен таныспақ болған жігіт қамауға алынды

Алматыда қызбен таныспақ болып, артынша жанжал шығарған жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сүйенсек, жігіт дәмханалардың бірінде қызбен танысуға әрекеттенген. Алайда қыз оның ұсынысын қабылдамаған. Бұған ашуланған жігіт қыздың үстіне су шашып, артынша әдепсіз ишара көрсеткен. Кейін қыз полицияға жүгінген.
Бостандық ауданының полицейлері жігіттің кім екенін анықтап, оны ұстады. Ұсақ бұзақылық бойынша толтырылған материал сотқа жіберілді.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Алматы қаласының ПД жарияланымы (@almaty.police)


Полиция өкілдері қоғамдық орында ойына келгенді істеуге болмайтынын ескертті.

"Айналадағы адамдарды сыйламау, әдепсіз әрекет жасау және қоғамдық тәртіпті бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады", – деп ескертті ведомство.

Читайте на сайте