World News in Kazakh

Астанада сол жағалаудағы 12 қабатты ғимараттан өрт шықты

Астана құтқарушылары Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан 12 қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіріп жатыр. Бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейінгі жылу оқшаулағыш материал өртенген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткен бойда өрт сөндіру желілері тартылып, су үздіксіз беріле бастады.
Зардап шеккендер жоқ.

Материал 2026 жылғы 6 қыркүйекте сағат 14:51-де толықтырылды. Сағат 14:50-де ТЖМ өрттің толық сөндірілгенін мәлімдеді.

Читайте на сайте