World News in Kazakh

Вьетнамда әлемнің ең сұлу аруы таңдалды

Вьетнамның Нячанг қаласында 73-ші халықаралық "Әлем аруы" сұлулық байқауының ақтық сыны өтті. Бас жүлдені Доминикан Республикасынан келген 24 жастағы Джохейри Мола иеленді, - деп хабарлайды Tengri Life байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.
Екінші орын мен бірінші вице-мисс атағы Испания өкілі Элисабет Рейнеске бұйырды. Ал үшінші орынды Малайзиядан келген Таанусия Чети иеленді.
Жаңа "Әлем аруы" - педагог, журналист әрі қоғам белсендісі. Мола әдебиет пен қоғамтанудан сабақ береді. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балаларына ағылшын тілін үйренуге көмектесетін Voices of Tomorrow қайырымдылық жобасын басқарады.
Бұл - Доминикан Республикасының "Әлем аруы" байқауындағы екінші жеңісі. Бұған дейін ел өкілі бұл атақты 1982 жылы иеленген. Жаңа жеңімпазға тәжді былтырғы "Әлем аруы", Таиланд өкілі Опал Сучата Чуангсри табыстады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Miss World (@missworld) жарияланымы


Бас жүлде үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген 111 ару бақ сынады. Шоу теңіз жағасындағы ұзындығы 110 метр болатын ашық сахнада өтті.
"Әлем аруы – 2026" байқауына қатысушылар бұл жолы кәдімгі кешкі көйлектермен ғана шектелмеді. Бірі қауырсынмен көмкерілген образбен шықса, енді бірі көйлегін гүл бейнесінде безендірді.

Читайте на сайте