World News in Kazakh

Астанада әл-Фараби даңғылы 5 күнге жабылады

Астанада Хұсейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Бұл учаскедегі көлік қозғалысы 2026 жылдың 10 қыркүйегінен 15 қыркүйегіне дейін толығымен жабылады.
Фото: Астана әкімдігі
Шектеу инженерлік желілерді тарту және жол негізін дайындау жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлау сұралады. Учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.
Астанадағы көлік қозғалысына қатысты шектеулер

1-10 қыркүйек аралығында Н. Тілендиев даңғылының Көктал көшесінен Мәскеу көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.15 тамыздан жыл аяғына дейін Алматы көшесінің Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабық болады.

Читайте на сайте