Мадридтік “Реалдың“ жұлдызы Ұлттар лигасында құрама сапында ойнаудан бас тартты
Бельгия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" қақпашысы Тибо Куртуа Ұлттар лигасында құрама сапында өнер көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Tengri Sport HLN басылымына сілтеме жасап.
Мадридтік "Реалдың" қақпашысы Тибо Куртуа УЕФА Ұлттар лигасының алдағы маусымында Бельгия құрамасы үшін ойнамайды.
34 жастағы қақпашы бұл ақпаратты "Реал" миландық "Интерді" 2:1 есебімен жеңген Чемпиондар лигасы матчінен кейін растады.Шешім ұлттық құраманың жаңа бас бапкері Марк ван Боммелмен сөйлескеннен кейін қабылданған. Куртуа Ұлттар лигасы науқанын өткізіп жіберетінін және қақпашылардың көпшілігі жарақат алған жағдайда ғана оралатынын мәлімдеді.
"Мен Ұлттар лигасының бүкіл маусымы бойы Бельгия құрамасында ойнамау туралы шешім қабылдадым. Егер бас бапкерде жарақаттарға байланысты мәселе туындамаса, ерекше жағдайларда ғана құрамаға шақырылуым мүмкін. Сондай-ақ бұл Бельгия шыққан жағдайда Ұлттар лигасының финалдық кезеңдерінде де ойнамайтынымды білдіреді", - деп келтіреді дереккөз Куртуаның сөзін.
Thibaut Courtois past na gesprek met bondscoach Mark van Bommel definitief voor Nations League: “Hij zei dat hij mij dan geen basisplaats kan garanderen” https://t.co/LPafbOHq1R
— Колесо (@Koleso5Spic) 9 қыркүйек, 2026 жыл
Ол құрамадағы мансабын аяқтамайтынын атап өтті. Куртуа 2027 жылдың наурызында басталатын Еуро-2028 іріктеу матчтеріне қатысуға дайын болады. Бұл ретте ван Боммел оған негізгі қақпашы орнына кепілдік берген жоқ.
Егер Ұлттар лигасында ойнайтын қақпашы жоғары деңгей көрсетсе, бапкер оған сенім арта беруі мүмкін. Куртуа өз орны үшін күресуге және қайтадан бірінші нөмір бола алатынын дәлелдеуге дайын.
"Егер Ұлттар лигасында өнер көрсететін қақпашы өзін жақсы қырынан көрсетсе, Ван Боммель онымен жұмысын жалғастыра алады. Бірақ мен өз орным үшін күрескім келеді. Қайтадан бірінші нөмір екенімді көрсеткім келеді", - деп толықтырды "Реал" қақпашысы.
???? Courtois: "I will NOT play the entire Nations League with Belgium.If the manager has injury problems, I could be called up.If the goalkeeper impresses, Van Bommel might stick with him. I want to fight for my place and prove I am number one again." @HLN pic.twitter.com/EeqrJdGdCx
— Madrid Xtra (@MadridXtra) 9 қыркүйек, 2026 жыл
Куртуа - Бельгия құрамасының символы
Тибо Куртуа Бельгия құрамасындағы дебютін 2011 жылдың 15 қарашасында Францияға қарсы жолдастық кездесуде жасады, ол ойын 0-0 есебімен тең аяқталған болатын. Ол кезде оның жасы небәрі 19-да еді және ол ұлттық құрама тарихындағы ең жас қақпашылардың бірі болды.
Содан бері Куртуа "қызыл сойқандардың" негізгі құрамына тез орнығып, он жарым жыл бойы 115 матч өткізіп, олардың айнымас бірінші нөмірі болып қалды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация от Thibaut Courtois (@thibautcourtois)
Ол төрт Әлем чемпионатында және екі Еуропа чемпионатында Бельгия қақпасын қорғады. 2014 жылы Бразилияда өткен мундиалда құрама ширек финалға дейін жетсе, Франциядағы Еуро-2016-да да осы кезеңде тоқтаған болатын.
2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионаты нағыз триумф болды: Бельгия өз тарихындағы ең үздік нәтиже – қола медаль иеленді, ал Куртуа турнирдің үздік қақпашысы деп танылып, "Алтын қолғапты" алды.
Кейін, 2022 жылы бельгиялық қақпашы үздік голкипер ретінде "Яшин кубогін" де жеңіп алды.
Happy birthday, Thibaut Courtois! ????2022 Yashin Trophy, 2-time Champions League winner. ????????Discover more about him in our exclusive interview: https://t.co/DEPgN47sGk#ballondor #yashintrophy #courtois #realmadrid #happybirthday pic.twitter.com/egJQf78YVT
— Ballon d'Or (@ballondor) 2026 жылғы 11 мамыр
Еуро-2020-да бельгиялықтар тағы да ширек финалға шықты, ал 2022 жылы Қатардағы Әлем чемпионатында топтық кезеңнен өте алмады, бірақ Хорватиямен матчте Куртуа құрама сапындағы жүзінші ойынын өткізді. 2026 жылғы Әлем чемпионатында ол тағы негізгі қақпашы болып, команданың ширек финалға жетуіне көмектесті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Belgian Red Devils (@belgianreddevils) жарияланымы
Суперкомпьютер “Алтын доптың“ келесі иегерін анықтады
Холанд “Манчестер Ситидің“ ЧЛ-дағы алғашқы матчінде төбелес шығарды