Желіде балағат сөз жазғаны үшін қазақстандықтарға қандай жауапкершілік бар?
Әлеуметтік желілерде балағат сөз жазу немесе мессенджерде агрессивті шабуыл жасау жазасыз қалмайтын болды. 2024 жылдың маусым айынан бастап Қазақстанда интернеттегі көпшілік алдында тіл тигізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатын істер санатына өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүгінде жазылған әрбір тіркес жай ғана моральдық нормалармен емес, Қылмыстық кодекстің баптарымен - қарапайым теріс қылықтан бастап ауыр қылмысқа дейін бағаланады. Energyprom.kz сарапшылары интернетте тіл тигізудің құны қанша болатынын анықтады.
Қанша іс сотқа дейін жетеді?
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтерін талдау көрсеткендей, қазақстандықтар желідегі ренжітушілермен белсенді түрде соттасуға тырысады. Жыл сайын соттарға "Тіл тигізу" бабы (ҚР ҚК 131-бабы) бойынша 5,8 мыңнан 6,9 мыңға дейін шағым түседі.
Алайда нақты жазаға тек санаулылары ғана ілігеді:
Шағымдар бастапқы кезеңде іріктеледі: Судьялар берілген арыздардың тек 15–16 пайызын ғана өндіріске қабылдайды. Олардың жартысына жуығы ресімдеудегі қателіктер мен заңды процедуралардың сақталмауы салдарынан кері қайтарылады.
Істер "шашырап кетеді": Көпшілік алдында тіл тигізу бойынша сот залына жеткен істердің тек 25 пайызы ғана айыптау үкімімен аяқталады. Қалған жағдайларда тараптар не татуласады, не айыптаушы тарап жеткілікті дәлелдер ұсына алмайды.
Кінасы дәлелденгендер үшін соңы қаржылық тұрғыдан ауыр болады. Интернетте тіл тигізу бабы бойынша 200 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы шамамен 865 мың теңге) немесе қоғамдық жұмыстар қарастырылған. Сондай-ақ кінәлі адамның қалтасына моральдық зиянды өтеу де салмақ салады: өткен жылы Қазақстанда желідегі балағат сөздерден зардап шеккендерге төленген төлемдердің жалпы сомасы рекорд 29,3 миллион теңгені құраған.
Анонимдік туралы миф: фейк аккаунт енді құтқармайды
Көптеген пайдаланушыға профильде нақты фотосуреттің болмауы мен жалған есім толық қауіпсіздікке кепілдік беретіндей көрінеді. Бұл - қате түсінік.
Жабық немесе анонимді аккаунттың болуы өздігінен тұлғаны анықтаудан қорғамайды. Қазіргі заманғы жедел-іздестірудің цифрлық құралдары автордың нақты есімін, оның ЖСН-ін, IP-мекенжайын және тіркелген жерін тез анықтауға мүмкіндік береді.
Пікір нақты мерзімге айналғанда
Егер дөрекілік ақшалай айыппұлмен шектелсе, мемлекеттік қауіпсіздікке, жеке өмірге немесе ұлттық мәселелерге қатысты айтылған сөздер ауыр қылмыстар санатына ауысады.
Сот практикасы контекстке байланысты зардаптардың қалай өзгеретінін көрсетеді:
Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және дербес деректерді жариялап жіберу 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін (айтпақшы, мұндай істердің саны кейінгі бір жылда бірден 67,4 пайызға өсті).
Фейктер мен көрінеу жалған ақпарат тарату 7 жылға дейін түрмеге жабылумен жазаланады.
Желідегі сепаратизмге шақырулар бұзушының Қазақстан азаматтығынан айырылып, 15 жылға колонияға тоғытылуына әкелуі мүмкін.
Әлеуметтік, ұлттық немесе діни араздықты қоздыру ең қатал үкімдер шығарылатын бап болып қала береді. Мұндағы ең жоғарғы шек - 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Өткен жылы соттар бұл бап бойынша сотталғандардың көпшілігіне нақты түрме мерзімін белгіледі, бұл ретте бірнеше адам 12-ден 20 жылға дейін колонияға сотталған.
Әлемдік тренд
Интернет кеңістігін реттеу - тек Қазақстанға тән ерекшелік емес, әлемдік стандарт.
Ал Германияда полицияның мамандандырылған бөлімшелері жыл сайын желіде өшпенділік тудырғаны үшін 3,5 мыңға жуық қылмыстық іс қозғайды. Ұлыбританияда әлеуметтік желілердегі балағат хабарламалар мен қоқан-лоққылар үшін полиция жылына 12 мыңға дейін қамауға алу шарасын жүргізеді. АҚШ-та жекелеген штаттардың заңнамасы кибербуллинг пен интернеттегі жала жапқаны үшін ірі көлемдегі айыппұлдардан бастап нақты түрме жазасына дейін белгілейді.
Бүгінде цифрлық гигиена әрбір пайдаланушы үшін шынайы өмірдегі заңдарды сақтау сияқты негізгі қажеттілікке айналып отыр. Бірнеше секунд ішінде жазылған эмоционалды пікір жылдар бойғы сот талқылауына, миллиондаған өтемақы төлеуге немесе нақты бас бостандығынан айырылуға әкеп соғуы мүмкін.