World News in Kazakh

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн жылынады

"Қазгидромет" мамандары 15, 16 және 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейсе, басқа аймақтарда ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.
Жаңбыр мен найзағай қай жерлерде күтіледі?
Солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігі мен шығысының кей жерлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды және жел күшейеді деп күтіледі. 16 қыркүйектен бастап батыс өңірлер батыс циклонының ықпалында болады. Онда жауын-шашын мен желдің күшеюі болжанады.17 қыркүйекте кей аудандарда нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстікте күн жылынадыҚазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Күндіз елдің солтүстігі мен орталығында температура +20…+27 градусқа дейін жоғарылайды.
Сонымен қатар басқа өңірлерде температураның төмендеуі күтіледі:

батыста +19…+30 градусқа дейін;шығыста +18…+25 градусқа дейін;оңтүстік-шығыста +22…+28 градусқа дейін.

Читайте на сайте