World News in Kazakh

Алматыда жыл басынан бері жол-көлік оқиғаларынан 2 мыңға жуық жаяу жүргінші зардап шеккен

Қазақстанда "Жаяу жүргінші" профилактикалық акциясы өтіп жатыр. Алматыда жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге қатысты 2 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап.
Акция аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын, оның ішінде жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындауын бақылауды күшейтті.
Профилактикалық жұмыстар мектептерде де жүргізіліп жатыр. Оқушылармен жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары өткізіліп, балаларға жарық шағылыстыратын элементтер таратылып жатыр.

"Жолдағы қауіпсіздік әрбір жол қозғалысына қатысушыға байланысты. Жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда аса мұқият болуы қажет. Ал жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жолды тек белгіленген жерлерден кесіп өтуі тиіс", – дейді Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Еске салайық, жаяу жүргіншілерді қағып кету жол-көлік оқиғаларының ең көп тараған түрі болып қала бермек. Қаңтар мен тамыз аралығында елде осындай 7 831 жағдай тіркелген. Салдарынан 7 908 адам жарақат алып, тағы 290 адам қаза тапты.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 21 394 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 28 939 адам түрлі жарақат алып, тағы 1 230 адам көз жұмды.
Тағы оқыңыз: Жапонияда оқушылар жолдан өтерде қолын не үшін көтереді және Қазақстанда бұл әдіс қалай қолданылады?

Читайте на сайте