World News in Kazakh

Алматыда Төле би көшесінің тағы бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
18 қыркүйек сағат 23:00-ден 19 қыркүйек сағат 16:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс тоқтатылады.

Шектеу LRT жобасын іске асыруға байланысты енгізілді. Бұл учаскеде ескерту жол белгілері орнатылады. Жүргізушілерге жүретін бағытын алдын ала жоспарлау ескертілді.
Алматыдағы жабық көшелер
17 қыркүйек сағат 22:00-ден 18 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінің Қожамқұлов көшесінен Шәріпов көшесіне дейінгі арылығы жабық.
30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қайрат шағынауданында Тараз бен Бәйге көшелері қиылысынан Сұлутал мен Бәйге көшелерінің қиылысына дейін қозғалыс шектелген.
5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықов көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс тоқтатылған.
16 қыркүйек сағат 08:00-ден 20 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Зерделі шағынауданынан Д. А. Қонаев атындағы мешітке дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектелді.
17 қыркүйек сағат 15:00-ден 21 қыркүйек сағат 03:00-ге дейін Жандосов көшесінің Төле би және Қазыбек би көшелерінің аралығы, Абылай хан мен Назарбаев даңғылдарының аралығы жабық.
Тағы оқыңыз: Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға байланысты қозғалыс шектеледі

Читайте на сайте