World News in Kazakh

Талдықорғандағы төбелес видеоға түсіп қалды

Талдықорғанда куәгерлер көшелердің бірінде болған жастар арасындағы төбелесті видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі taldykorganec.insta-ға сілтеме жасап.

"8-шағынаудандағы түнгі төбелес", - делінген видеоның сипаттамасында.

Жетісу облыстық Полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыстық құқықбұзушылық жасауға қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады", - деді ведомство өкілдері.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Қайрат Әбдірахманның жарияланымы (@taldykorganec.insta_)

Читайте на сайте