World News in Kazakh

Көлік қоятын орынға байланысты жанжал шықты: студент қыз жарақат алды

Көкшетауда көлік қоюға байланысты туған жанжал кезінде студент қыз жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция жанжалға қатысқан ер адамды анықтады. Қазір бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Полицияның мәліметінше, оқиға 17 қыркүйекте Ақан сері көшесіндегі үйлердің бірінің маңында болған. Қыз Lada Vesta көлігін ауладан көлік шығатын қақпаның алдына қалдырып, сабаққа кеткен.
Арада шамамен бір жарым сағат өткенде ол көлігіне қайта келген. Осы кезде қыз бен оны күтіп тұрған ер адам сөзге келіп қалған. Тексеру барысында ер адам көлік иесін 40 минуттай күткені белгілі болды. Жанжал көліктің қойылған жеріне байланысты шыққан.
Полиция дерегінше, ер адам көлік есігін аяғымен тепкен. Сол сәтте қыз басынан жарақат алған.
Тексеру кезінде қақпа алдында көлік кіріп-шығатынын ескертетін жол белгісі де, басқа белгі де болмағаны анықталды.
Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Тергеу аяқталған соң заң аясында тиісті шешім қабылданады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Көкшетау. Ақмола облысы. Жаңалықтар. Жарнама (@sinegor.kz) жарияланымы

Читайте на сайте