World News in Kazakh

Бөлме ауасын тазартатын ең пайдалы өсімдіктер аталды

Биолог Дмитрий Сафонов РИА Новости берген сұхбатында пәтердегі ауаны ең жақсы тазартатын өсімдіктерді атады, деп хабарлайды Tengri Life.
Маманның айтуынша, бұл тізімнің көшін хлорофитум бастайды.

"Бұл - күтімі өте жеңіл өсімдік әрі бөлме гүлдерінің арасында нағыз чемпион. Мысалы, ол формальдегид секілді зиянды заттарды жақсы сіңіреді", - деп түсіндірді ол.

Тағы бір өсімдік - спатифиллум - ауаны жақсы ылғалдандырады және бензол мен аммиак сияқты зиянды заттарды сіңіреді. Ал фикус шаңды тиімді ұстап, ауаны оттегімен қанықтырады.
Сафонов пайдалы өсімдіктер тізіміне гераньді де қосты. Оның айтуынша, бұл өсімдік көптеген жәндікті үркітетін эфир майларын бөледі. Дегенмен аллергиясы бар адамдарда герань ағзаның жағымсыз реакцияларын тудыруы мүмкін.
Биолог тағы бір пайдалы өсімдік ретінде сансевиерияны атады. Ол оттегін бөлу және пәтердегі ауаны тазарту жағынан өзге нұсқалардан кем түспейді.

Читайте на сайте