World News in Kazakh

Азиада-2026: каратэшілер Қазақстанға тағы екі алтын сыйлады

Қазақстандық каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалін иеленді, - деп хабарлайды Tengri Sport.Қазақстан ерлер құрамасының өкілі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетті. Шешуші айқаста Биғабыл өзбекстандық Хумоюнмирза Халимовтан басым түсті.
Финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшы тәжікстандық Махсатулло Муминовты жеңсе, жартылай финалда Индонезия өкілі Мұхаммед Жануардан айласын асырды.
Бұл - Биғабылдың мансабындағы Азия ойындарында алған алғашқы жүлдесі.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба


Ал Софья 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынады. Шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Тайланд өкілі Маниван Буцуванды жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.
Финалға барар жолда Берульцева Сауд Арабиясынан келген Дина Мостафуды, ал жартылай финалда Непал спортшысы Арика Гурунгты ұтты.
Бұл - Софья Берульцеваның Азия ойындарындағы екінші алтын медалі. Бұған дейін каратэші 2022 жылғы Ханчжоудағы ойындарда чемпион атанған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба


XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 558 спортшы қорғайды.

Читайте на сайте