Талғат Ерсейітов Степногорск әкімі болды
Степногорск әкімі болып Талғат Ерсейітов тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Талғат Ерсейітов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2023 жылдың қарашасынан бастап Астрахан ауданының әкімі қызметін атқарды.
"Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың 2026 жылғы 21 қыркүйектегі өкімімен Талғат Аманбайұлы Ерсейітов Степногорск қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген өңір әкімдігінің ресми хабарламасында.
Ерсейітов еңбек жолын жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде Астрахан ауданында бастады. 2009–2012 жылдары аудан әкімінің орынбасары, 2012–2017 жылдары Астрахан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
2017–2019 жылдары Есіл ауданының әкімі, 2019–2023 жылдары Бұланды ауданының әкімі қызметтерін атқарды.
Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен айырылды
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың өкімімен екі әкім қызметінен босатылғаны белгілі болған еді. Сөз Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері туралы болып отыр.