World News in Kazakh

Мысық “көлікті тұраққа қойған“: Астана полициясы оқиғаны тексерді

Көлікті оталдыруды ұйғарған мысық "жүргізуші" туралы оқиға жалғасын тапты. Астана полициясы тексеріс жүргізіп, оқиғаның барлық қатысушысын тапты, деп хабарлайды Tengri Life.
Ведомство мәліметінше, тараған видео 11 қыркүйекте Көктал тұрғын алабындағы Жаңақоныс көшесі, 11/1 мекенжайында түсірілген. Mazda иесі техникалық ақауға байланысты көлігін жөндеп жатқан. Сол сәтте салонға мысық кіріп кеткен. Жануар керек батырманы дәл басқан.

"Жұмыс жүргізіп жатқанда автокөлік салонына мысық кіріп кетіп, нәтижесінде қозғалтқышты іске қосатын Push Start жүйесі кездейсоқ басылып кеткен. Оталғаннан кейін автокөлік өздігінен алға жылжып, ғимаратқа соғылған", - деп хабарлады полиция.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ полиция бұл жағдай бойынша ешкім арызданбағанын хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Түркістанда жүргізушісіз қалған көлік тізгініне мысық отырып алғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетейік, Астанада жол қозғалысы ережесін бұзудан "чемпион" табылды: Hyundai Palisade көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жыл басынан бері камера нысанасына 306 рет іліккен. Ол 169 рет жылдамдықты асырса, тағы 134 рет автобус жолағымен жүрген.
Тағы оқыңыз: Жылу іздеп келген мысық дәрігерлер арасынан үй тапты: Бензиннің оқиғасы

Читайте на сайте