World News in Kazakh

Тоқаев Турловты FIDE президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент дүниежүзілік беделді ұйымды басқаратын отандасымызға толайым табыс тіледі

Тимур Турлов сенбі, 26 қыркүйекте Самарқандта өткен сайлауда FIDE-нің жаңа президенті болып сайланды. Ол Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді.

Бұған дейін FIDE президенті қызметін ресейлік Аркадий Дворкович атқарған. 23 шілдеде Еуроодақ Дворковичті санкциялық тізімге енгізді. Кейін ол өз еркімен президенттік өкілеттігін уақытша тоқтатты.

Читайте на сайте