World News in Kazakh

Тоқаев Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
II дәрежелі Бауыржан Момышұлы атындағы "Айбын" орденімен:

Мұхтарұлы Олжас - 29011 әскери бөлімінің взвод командирі

III дәрежелі Рақымжан Қошқарбаев атындағы "Айбын" орденімен:

Аяпберген Сержан Талғатұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Бегей Дастан Нұрболұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;Гилаж Ақжайық Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);Гумаров Мансұр Айтбайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Диханбаев Олжас Тәжібайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
Жанабай Әсет Саматұлы - 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеу атқышы);
Көбенов Алмас Жүсіпұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);Мәдихан Азамат Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);Темірғалиев Жеңіс Тілеушұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (пулеметшінің көмекшісі);Төлеген Ақылбек Қабденұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);Тұрдыбекұлы Мирас - 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш).

Қайғылы оқиға туралы не белгілі?24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінде 17 әскери қызметші суға кеткен. Үшеуі құтқарылды. 25 қыркүйекте таңертең соңғы екі әскери қызметшінің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.Құтқарылған үш адамның біреуі - 19 жастағы Ақжол Темірәлиев. Ол ауруханаға ауыр хәлде түсіп, кейін жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Әәскери қызметшіге психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр.Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Қазгидромет дауылды ескерту жариялаған: өңірде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жететіні болжанған.Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қызметке салғырт қарады, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау мен қажетті шараларды қабылдамады, құтқару жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмады деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Жоғары лауазымды бес басшы ұсталды. Тергеу басқа да тұлғалар ұсталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.Қайғылы оқиғаны тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Тағы оқыңыз: Каспийде не дұрыс болмады? Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қайғылы оқиғаның ықтимал себептерін атады

Читайте на сайте