World News in Kazakh

Әлеуметтік желіде “әскери қызметшінің денесі“ деп таратылған видео Маңғыстауда түсірілмеген

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілерге қатысты деп таратылып жатқан видео жалған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Nofake.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі видео
Кадрларда белгісіз жүк тасымалданып жатқанын көрінеді. Видеоны таратқан қолданушылар оны Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғамен байланыстырып көрсеткен.

Тексеріс барысында не анықталды?
NoFake.kz порталының Дезинформациямен күрес орталығымен бірлесе жүргізген тексерісі бұл жазбаның шындыққа жанаспайтынын көрсетті.

"Түпнұсқа бейнежазбаны талдау барысында оның TikTok-та 2024 жылғы 19 тамызда - қыркүйекте болған қайғылы оқиғадан әлдеқайда бұрын жарияланғаны анықталды. Бастапқыда видеоны @abenov__01 қолданушы жүктеген. Кейіннен түпнұсқа жазба өшірілген, алайда 9 қыркүйекте видео @bauka.kz091 деп аталатын басқа аккаунтта қайта пайда болды", - делінген мақалада.

Басылымның жазуынша, қайғылы оқиғадан кейін ескі видео әлеуметтік желілерде қайта тарап, бұл жолы "қаза тапқан әскери қызметшілердің денесі тасымалданып жатыр" деген мазмұнда ұсынылған.
Бұл жаңсақ пікір қалыптастырады. Өйткені видео Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан бұрын түсірілген.
Қайғылы оқиға туралы не белгілі?
24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінде 17 әскери қызметші суға кеткен. Үшеуі құтқарылды. 25 қыркүйекте таңертең соңғы екі әскери қызметшінің мәйіті табылды. Қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.
Құтқарылған үш адамның біреуі - 19 жастағы Ақжол Темірәлиев. Ол ауруханаға ауыр хәлде түсіп, кейін жансақтау бөлімінен терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Әәскери қызметшіге психологиялық көмек те көрсетіліп жатыр.
Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Қазгидромет дауылды ескерту жариялаған: өңірде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жететіні болжанған.
Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қызметке салғырт қарады, сондай-ақ ауа райы жағдайын ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылау мен қажетті шараларды қабылдамады, құтқару жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмады деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталды. Жоғары лауазымды бес басшы ұсталды. Тергеу басқа да тұлғалар ұсталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Қайғылы оқиғаны тергеу үшін Үкіметтік комиссия құрылды. 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Тағы оқыңыз: Каспийде не дұрыс болмады? Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қайғылы оқиғаның ықтимал себептерін атады

Читайте на сайте