World News in Kazakh

Қазақстан құрамасының бапкері отставка туралы мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип Ұлттар лигасында Молдовадан өз алаңында жеңілгеннен кейін отставкаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Нидерландылық маманның жетекшілігімен ұлттық құрама әзірге жеңіс дәмін татқан жоқ. Алғашқы матчте Фарер аралдарымен ұпай бөліссе, кейін Словакия мен Молдовадан жеңіліп қалды.
"Астана Аренадағы" матчтен кейін ван ’т Схипке құрамадағы жұмысын өз еркімен тоқтатуға дайын ба деген сұрақ қойылды. Алайда 62 жастағы бапкер қатарынан екі жеңілістен кейін отставкаға кету ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

"Отставкаға кету? Мұны мен шешпеймін. Жұмысымды жалғастырамын деп үміттенемін. Жеңіске жеткенде достарың көп болатыны, ал жеңілгенде олардың азаятыны түсінікті. Бұл – бапкер жұмысының бір бөлігі. Мен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде жұмысымды жалғастыра беремін, отставкаға кету жоспарымда жоқ. Біз бәріміз бірге – тек мен немесе ойыншылар емес, тұтас команда болып жеңілдік. Енді тек ойындарға көбірек дайындалу керек", – деді ван ’т Схип баспасөз мәслихатында.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Қазақстан құрамасының жаңа бапкері
Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасын ресми түрде Нидерланды маманы Джон ван’т Схип басқарды. Ол бұл қызметке 7 тамызда тағайындалған болатын.
Бұған дейін 62 жастағы маман Грекия және Армения ұлттық құрамаларын жаттықтырған, сонымен қатар, Нидерланды құрамасының штабында болған.
Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасында қызмет етіп жатқан екінші голландиялық атанды. 2006-2008 жылдар аралығында команданы Арно Пайперс жаттықтырған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қазақстан ұлттық футбол құрамасының жарияланымы (@kff_team)


Келесі ойында Қазақстан құрамасы Астанада Фарер аралдарымен кездеседі (6 қазан).

Читайте на сайте