World News in Kazakh

Тоқаев Корея президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мёңді құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Ұлттық күніне орай Президент Ли Чжэ Мёңге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент корей халқының бай тарихи-мәдени мұрасын, ұлттық бірлігі мен ынтымағын ұлықтайтын айтулы күннің маңызына айрықша тоқталып, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өткен.

"Жақында Сеулге жасаған сапар барысында екіжақты қарым-қатынасымызды болашаққа бағдарланған жан-жақты стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл шешім достық пен берік әріптестікке негізделген қазақ-корей ықпалдастығын халықтарымыздың игілігі үшін өрістете беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас корей халқына баянды өркендеу мен құт-береке тіледі.

Читайте на сайте