Астана көшелерінде 10 балдық кептеліс болды
Астана жолдарында 10 балдық кептеліс байқалады. Жүргізушілер мен қоғамдық көлік жолаушылары бір орында ұзақ тұрып қалғандарына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Қала картасы көрсетілген қосымшалардағы мәліметке сәйкес, Астанада кем дегенде сағат 18:00-ден бастап кептеліс байқалады. Қазір көрсеткіш 10 балл балл болып тұр. Барлық дерлік көше қызыл түске боялған.2GIS-тен скриншот
Елорданың сол жағалауында да, оң жағалауында да көлік кептелісі байқалады. Қала тұрғындарының көбі мұның себебі неде екенін сұрап жатыр.
2GIS скриншоттары
Басқалары кептелістен тезірек шығу жолдары туралы нұсқаулық таратып жатыр. Олар мұны эмоционалды түрде білдірген.
2GIS скриншоттары
Кейбіреулер шаруаларына үлгеріп қалудан әлі де үмітті.
2GIS скриншоттарыӘуежайға асығып, ұшақты тоқтата тұруды өтінгендер де бар.2GIS скриншоттарыӘзілге жақын жандар да табылды.2GIS скриншоттары
Асығатын жер болмағанда, жергілікті көріністі тамашалауға да болады. 2GIS-тен скриншот
Бұл оқиғаға "кінәлі" де табылды.2GIS-тен скриншот
Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі халықаралық бірнеше іс-шара өтетініне байланысты 5 және 6 қазанда Қазақстан астанасы көшелерінің жекелеген бөлігінде көліктердің жүруіне уақытша шектеу енгізілетінін хабарлаған болатын.