Дастан Сәтпаев жарақаттан кейін алаңға оралды
Қазақстан құрамасы мен ағылшындық "Бернли" вингері Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, командамен бірге жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Tengri Sport.
Қазақстан құрамасының жұлдызды шабуылшысы өзінің әлеуметтік желілерінде "Бернли" формасымен алаңда түскен суреттерін жариялады. Ұзақ уақытқа созылған оңалту процесінен кейін Дастан Сәтпаев жаттығуларға оралды және жақын арада матчке қатысуы мүмкін.
Скриншот: instagram.com/d.satpayev
Сәтпаевтың жарақаты
Еске сала кетейік, бұған дейін жұлдызды футболшы Чемпионшип аясында "Мидлсброға" қарсы өткен ойында алған жарақатынан кейін ем қабылдап жатқан болатын.
Сол кезде ол алаңда 80 минуттан астам уақыт өткізіп, кездесудің үздік ойыншыларының бірі ретінде танылғанымен, алаңнан мәжбүрлі түрде кеткен еді. Осыдан кейін Сәтпаев бірнеше аптаға қатардан шығып қалды.
Оңалту жұмыстары "Бернли" медициналық штабы мен "Челси" мамандарының бақылауымен өтті. Қазіргі таңда қазақстандық вингер командамен бірге толыққанды жаттығуға кірісіп, біртіндеп бабына келіп жатыр.
Satpayev looking comfortable already at Burnley. Top player and he’s only 18 future of Chelsea, keep developing my boy https://t.co/JmYNyjf34j
— Juice (@CFCJuice) 2 қыркүйек, 2026 жыл
"Бернли" бапкері Ники Хайен қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жағдайына қатысты пікір білдірді. Ол жақын арада қазақстандық футболшының алаңға оралатынын айтып, оның команда үшін маңыздылығын атап өтті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Burnley Football Club (@burnleyofficial) жарияланымы