World News in Kazakh

Астана жолдарында көлік қозғалысы шектеледі

Мемлекеттік күзет қызметі Астана тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанада 10-14 қазан аралығында кейбір көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұдан бөлек, 9 қазаннан бастап елорда аспанында әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары өтеді.
Мемлекеттік күзет қызметінің мәліметінше, шектеулер халықаралық саяси іс-шараларға дайындық және оларды өткізумен байланысты. Шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, сондай-ақ Қазақстан Қарулы күштері жұмылдырылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық маңызы бар маңызды оқиға кезінде өткізілетін қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.














Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ҚР МКҚ | СГО РК (@sgork_official) жарияланымы


Еске сала кетейік, бұған дейін де Мемлекеттік күзет қызметі Астанадағы уақытша шектеулер туралы ескерткен болатын. 5-6 қазан күндері бірқатар халықаралық іс-шаралардың өтуіне байланысты елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы өзгертілді. Осы күндері Қазақстан астанасына Оман cұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид мемлекеттік сапармен келді.

Читайте на сайте