World News in Kazakh

Жолбарыстың қоршауына секіріп түскен ер адам жыртқышқа жем болды

Ұлыбританияда жігіт жолбарыстың шабуылынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Йоркширдегі жабайы табиғат саябағында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сілтеме жасап.

Саябаққа келген жігіт қоршаудан асып өтіп, жолбарыс қамалған орынға кірген. Сол сәтте салмағы шамамен 190 келі Алтай есімді Амур жолбарысы оған тап беріп, ауыр жарақаттаған.

Оқиғаны байқаған саябақ қызметкерлері дереу көмекке ұмтылған. Олар жыртқышты үркіту үшін дыбыс шығаратын арнайы қарудан бірнеше рет оқ атқан.

Көп ұзамай оқиға орнына дәрігерлер де жеткен. Алайда ауыр жарақат алған жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол сол жерде көз жұмды.

Ал жолбарыс зардап шеккен жоқ. Қазір жыртқыш өзіне арналған қоршаулы аумақта қауіпсіз жерде ұсталып отыр. Құқық қорғау органдары қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Мәліметтерге сүйенсек, марқұм шамамен 20 жаста болған. Жігіт өзге бір адамнан өзін Амур жолбарысымен бірге суретке түсіріп беруін сұрағаны белгілі болды.

Читайте на сайте