World News in Kazakh

Моуринью Винисиусқа қатысты даудан кейін баспасөз мәслихатына қатысудан бас тартты

Мадридтің "Реалы" Испания чемпионатының сегізінші турында "Вильярреалды" 1:0 есебімен жеңді. Алайда матч Винисиус Жуниордың алаңнан қуылуына байланысты үлкен даумен аяқталды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Ойынның 63-минутында командаға жаңадан қосылған Ян Диоманде гол соғып, мадридтіктерге жеңіс сыйлады. Арада сегіз минут өткенде бразилиялық Винисиус Жуниор да қарсылас қақпасына доп енгізіп, командаластарымен бірге екінші голды тойлай бастады.
Алайда бейнеқайталауды қарап шыққан төреші голды есепке алмай, Винисиусқа бірден қызыл қағаз көрсетті. Голға ұласқан шабуылдың алдында Винисиус "Вильярреал" ойыншысы Натан Салибаның шашынан тартқан. Бұл әрекет бейнеқайталаудан анық көрінген.

Бұл әдейі жасалған жоқ, Вини тек оны жолынан ысырып тастамақ болды, бірақ өкінішке орай оның шашы ұзын екен https://t.co/mVfIAk9H7F
— ꪜ????????⁷ ™???????? (@ViniJrTalk) 10 қазан, 2026 жыл
Ойыннан кейін "Реалдың" бас жаттықтырушысы Жозе Моуринью матчтен кейінгі баспасөз мәслихатына қатысудан бас тартты.
Cope мәліметінше, португалиялық маман төрешілердің жұмысы туралы өз ойын айтса, Ла Лиганың алдағы матчтерінен шеттетілемін деп есептеп, пікір білдіруден бас тартқан.

???????? ШҰҒЫЛ: Жозе Моуринью "Севилья" мен "Барселонаға" қарсы ойындарда қосалқы құрам орындығында болғысы келетіндіктен, баспасөз мәслихатын өткізбейтінін хабарлады. Ол дисквалификацияланғысы келмейді. @COPE https://t.co/sTLGTZr6mS
— Madrid Xtra (@MadridXtra) 10 қазан, 2026 жыл
Сегіз турдан кейін "Реал" 18 ұпаймен турнирлік кестеде 3-орында тұр және "Барселонадан" 6 ұпай қалып келеді.
10-турда командалар өзара кездеседі, матч Каталония астанасында 25-нен 26 қазанға қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де өтеді.

Читайте на сайте