World News in Kazakh

Ла Лига: мадридтік “Реал“ үздік үштіктен шығып қалды

"Бетис" Испания чемпионатында "Осасунаны" 5:2 есебімен тізе бүктіріп, Ла Лиганың турнирлік кестесінде мадридтік "Реалды" басып озды, деп хабарлайды Tengri Sport.
Мадридтіктер сегізінші турда "Вильярреалды" 1:0 есебімен әрең жеңіп, "Бетис" ойынына дейін үздік үштікте тұрған болатын. Алайда бәсекелестері өз кездесуінде жеңісті жұлып алып, "Реалды" үздік үштіктен шығарып жіберді.
Айта кетейік, "Бетис" - "Осасуна" матчінің қаһарманы "Реалдың" бұрынғы ойыншысы - Иско болды. Ол ойынның 10-минутында-ақ пенальтиден есеп ашса, 67-минутта дубль жасады.
Еске сала кетейік, ол мадридтік клуб сапында 2013-2022 жылдар аралығында өнер көрсетіп, команданың үш рет Испания чемпионы атануына және 5 мәрте Чемпиондар лигасында жеңіске жетуіне септігін тигізген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Real Betis Balompié (@realbetisbalompie) жариялаған жазба


"Реал" жеңіске жеткенімен, Винисиустан айырылып қалды
Еске сала кетейік, өз матчінде төреші команданың бразилиялық жұлдызы Винисиусты алаңнан қуғаннан кейін, "Реалға" жеңісті есепті он ойыншымен қорғауға тура келді. Ол қарсыласының шашынан тартқаны үшін тікелей қызыл қағазбен жазаланды.
Мұндай қатаң жазаға наразылық ретінде "Реалдың" бас бапкері Жозе Моуриньо баспасөз мәслихатына қатысудан бас тартты.

???????? ШҰҒЫЛ: Жозе Моуринью "Севилья" мен "Барселонаға" қарсы ойындарда қосалқы құрам орындығында болғысы келетіндіктен, баспасөз мәслихатын өткізбейтінін хабарлады. Ол дисквалификацияланғысы келмейді. @COPE https://t.co/sTLGTZr6mS— Madrid Xtra (@MadridXtra) 10 қазан, 2026 жыл
Винисиусқа кесілетін нақты жаза әзірге белгісіз, бірақ оның 25 қазанда бір турдан кейін өтетін жаңа маусымның алғашқы "Эль-классикосын" өткізіп алу ықтималдығы бар. Испаниялық БАҚ-тың мәліметінше, оған 2-3 ойынға шеттетілу қаупі төніп тұр.
Ла Лиганың турнирлік кестесі

"Барселона" - 24 ұпай;
"Атлетико" - 19 ұпай;
"Бетис" - 19 ұпай;
"Реал" - 18 ұпай;
"Севилья" - 13 ұпай.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

LALIGA (@laliga) жариялаған жазба


Моуринью Винисиусқа қатысты даудан кейін баспасөз мәслихатынан бас тартты

Читайте на сайте