World News in Kazakh

Алматыдағы Пушкин көшесінде қозғалыс шектеледі

Алматыда жол жабынын орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Пушкин көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.

Қозғалыс түнгі уақытта ғана шектеледі. Атап айтқанда, 12-18 қазан аралығында күн сайын сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігі жабылады.

Жүргізушілерге шектеуді ескере отырып, жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлау, уақытша жол белгілерін қадағалау және баламалы жолдарды таңдау ұсынылады.

Жұмыс мерзімі ауа райына және басқа да жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін.

Алматыдағы жабық көшелер

30 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Қайрат шағынауданында - Тараз бен Бәйге көшелері қиылысынан Сұлутал мен Бәйге көшелерінің қиылысына дейін қозғалыс шектелген.

5 қыркүйектен 10 қазанға дейін Арықов көшесінің Жетісу көшесінен Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында қозғалыс тоқтатылды.

8-15 қазан аралығында Орталық көшесі, 36 мекенжайы бойынша Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша шектелді.

Читайте на сайте