World News in Kazakh

Ақтөбеде әйелдің өлтірілуі видеоға түсіп қалды

Ақтөбеде сыртқы бейнебақылау камералары әйелдің өлтірілу сәтін тіркеп қалды. Қылмыс жасады деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қорқынышты кадрлар
Әлеуметтік желілерде орындықта отырған әйел бейнеленген видео тарады. Бір сәтте оның қасына жас жігіт келеді. Олар аз-кем сөйлескеннен кейін, қыз орнынан тұрып, кетпек болады. Жігіт оның соңынан еріп, артынан бірдеңе шығарып, арқасынан соққы жасайды, содан кейін ес-түссіз қалған әйеді кадрдан тыс жерге сүйреп әкетеді.

Кісі өлімі туралы не белгілі?
Ақтөбе облысы полиция департаменті әйел бірнеше пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмғанын хабарлады.
Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Полиция мәліметінше, марқұм онымен бұрыннан таныс болған.

Қазіргі уақытта полиция кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстың себептері мен мотивтері анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада да осыған ұқсас жағдай болған болатын. Онда тұрғын үйдің ауласында ер адам әйелге пышақпен шабуыл жасап, салдарынан ол қайтыс болды. Оқиғадан кейін қызметіне немқұрайлы қарау бабы бойынша төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды.

Читайте на сайте