174 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін: Қазақстанда түрлі мамандық иелерінің жалақысы қанша?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы әртүрлі мамандық иелерінің жақаысы туралы мәлімет жариялады. 2026 жылы ұйым басшыларының орташа айлық есептелген жалақысы миллион теңгеден асса, күзетшілер орташа есеппен 174 мың теңге алған. Дәрігерлер, инженерлер, бухгалтерлер мен жүргізушілер қанша табыс табады - Tengrinews.kz материалында.
Кімдерге миллион теңгеден аса жалақы төленеді?Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы сәуірде ұйым басшыларының орташа айлық есептелген жалақысы 1 101 100 теңгені құраған.
Инженерлік-техникалық мамандар арасында ең жоғары көрсеткіш инженерлерде байқалды - айына орта есеппен 702 мың теңге. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженерлері 645 мың теңге, инженер-технологтар - 617 мың, инженер-энергетиктер - 615,1 мың теңге.
Техниктердің орташа жалақысы 314,7 мың теңгені құрайды.
Дәрігерлер мен медбикелер қанша табыс табады?
Денсаулық сақтау саласында дәрігерлердің орташа айлық есептелген жалақысы 491,4 мың теңгені құрады.
Басқа көрсеткіштер келесідей бөлінді:
фармацевттер - 347,7 мың теңге;фельдшерлер - 313,6 мың теңге;медициналық бикелер - 264,6 мың теңге.
Бухгалтерлердің, жүргізушілер мен аспаздардың жалақысы
Басқа мамандықтар бойынша Ұлттық статистика бюросы орташа айлық есептелген жалақы туралы келесі деректерді келтіреді:
бухгалтерлер - 398,6 мың теңге;автомобиль жүргізушілері - 328,1 мың теңге;аспаздар - 192,6 мың теңге;күзетшілер - 174,2 мың теңге.
stat.gov.kz сайтынан алынған инфографикаҚазақстанда жалақы қалай өзгерді?2026 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша орташа айлық номиналды жалақы барлық тоғыз ірі мамандық тобында өсті.2025 жылмен салыстырғанда ең көп өсім - 13,1 пайызға - өнеркәсіп, құрылыс, көлік және басқа да ұқсас кәсіптердің жұмысшыларында тіркелді. Өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілерде көрсеткіш 10,4 пайызға артты.
Сондай-ақ жалақы құрылымы да өзгерді. Айына 300 мың теңгеден астам жалақы алатын жұмыскерлердің үлесі 2025 жылғы 53,7 пайыздан 2026 жылы 58,4 пайызға дейін өсті.
Сонымен қатар жалақысы 100-ден 300 мың теңгеге дейінгі жұмыскерлердің үлесі 43-тен 39,3 пайызға дейін қысқарды. 100 мың теңгеге дейін алатындардың үлесі 3,3-тен 2,3 пайызға дейін азайды.2022-2026 жылдардағы жұмыскерлердің есептелген жалақы мөлшері бойынша бөлінісіЖалақы қалай есептелді?
Зерттеу 2026 жылдың сәуір айында жүргізілді. Ол осы айды толық жұмыс істеген қызметкерлерді қамтыды. Сәуір айында жұмысқа қабылданған немесе жұмыстан босатылған қызметкерлер есепке қосылмаған.
Есептелген жалақы көрсеткіштеріне қосымша төлемдер, үстемақылар мен сыйақылар, сондай-ақ салықтар мен зейнетақы жарналары ұсталғанға дейінгі сомалар кіреді. Сондықтан жұмыскердің нақты қолға алатын сомасы аз болуы мүмкін.
Зерттеумен Қазақстанның ұйымдары мен кәсіпорындарының барлығы 3,38 миллион жұмыскері қамтылды. Олардың 51,9 пайызын әйелдер, 48,1 пайызын ерлер құрады.
Сәуір айы халықаралық ұсыныстарға сәйкес маусымдық сыйақылар мен еңбек демалысы төлемдерінің әсерін барынша азайту үшін есепті ай ретінде таңдалған.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттік қызметшілердің жалақысын көтеру туралы айтқан еді.