Қазақстанда жылдың үздік журналистері мен медиажобалары анықталды
Tengri TV жобасы "Үркер" ұлттық сыйлығының "Үздік медиажоба" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімі 16 қазанда Астанада өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Салтанатты шара Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биыл "Үркер" және "Тұмар" ұлттық сыйлықтары он жылдық мерейтойға орай алғаш рет Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен табысталды.
Байқауға қатысуға 600-ден аса журналистен өтінім келіп түсті. Жеңімпаздар телевизия, радио, баспа және интернет басылымдарын, сондай-ақ жаңа медиа форматтарын қамтитын 12 номинация бойынша анықталды.
Тағы кімдер марапатталды?"Үркер" сыйлығы аясында Bestnews.kz тілшісі Жанар Сердалина "Жылдың үздік журналисі" атанды.
Басқа номинациялар бойынша жеңімпаздар:
"Үздік радиожоба" - Қазақ радиосының "Ойтұма" бағдарламасы;
"Жасанды интеллект саласындағы үздік жоба" - Altainews Media Centre ұсынған "AI-ЖАН" жобасы;"Жылдың үздік материалы" - Мирамгүл Рахатқызы, "Ақтөбе" газеті, "Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты" материалы үшін;"Үздік талдамалық материал" - Лаура Түсіпбекова, "Казахстанская правда" газеті, "Моя ДНК - наше богатство" жарияланымы үшін.
Фото Нұрлан Алжабаев: Tengrinews.kz
Сондай-ақ салтанатты кеште "Тұмар" ұлттық телевизиялық сыйлығының лауреаттары жарияланды.
"Еуразия" бірінші арнасының қызметкері Вероника Вишневская "Үздік тележүргізуші" деп танылды. Үздік деректі жоба номинациясын ағза трансплантациясына арналған "4739" фильмі үшін 24KZ телеарнасы иеленді.
Басқа номинациялар бойынша жеңімпаздар:
"Үздік телевизиялық материал" - "Қарқынды құрылыс", Qazaqstan телеарнасы;"Үздік әлеуметтік жоба" - "Правда в деталях", Jibek Joly;"Үздік телехикая" - "Ауыл бапкері", Астана TV;"Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама" - "Новости", 7-арна.
"Үркер" және "Тұмар" ұлттық сыйлықтары 2017 жылы журналистерді, редакциялар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау мақсатында тағайындалған. 2026 жылы марапаттау рәсімі Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен өтті.