World News in Kazakh

Кадр үшін қозғалыстағы көліктің төбесіне шыққан: Түркістан облысында жүргізуші мен жолаушы жазаланды

Түркістан облысында әсерлі кадр жасаймын деп жол ережесін бұзған жүргізуші мен жолаушы жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Әлеуметтік желілерде камера ұстаған ер адамның видео түсіру үшін қозғалыстағы көліктің төбесіне шығып алған видеосы тарады. Бейнежазбаны полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

????????Түркістан облысының Полиция департаменті жариялаған жазба (@turkistan_polisia)



"Аталған дерек бойынша полицейлер тексеру жүргізіп, оқиғаның Сайрам ауданында болғанын анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі дронға түсірілген",- деді ПД өкілдері.

22 жастағы жүргізуші мен 30 жастағы жолаушыға қатысты жолаушылар тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.
Оқиғаға қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, жол ережесін бұзу салдары қандай болуы мүмкін екендігі түсіндірілді.
Бұған дейін Түркістан облысында әйел қозғалыстағы көліктің люгінен шығып, көлік төбесінде торт дайындап жатқанын видеоға түсірген.
Тағы оқыңыз: TikTok-та жол ережесін бұзғанын көрсеткен ер адам 8 тәулікке қамалды

Читайте на сайте