World News in Kazakh

Қызылордада заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды

Республика күні қарсаңындағы тағы бір маңызды іс-шара – Қызылордада заманауи жылыжай кешені құрылысының басталу рәсімі.
Оған қатысқан облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Түркия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Мустафа Капуджу, инвестициялық компанияның өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағаларына серіктестік құрылтайшысы Фатих Будан жобаның негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін таныстырды.
Аймақ басшысы өңірде агроөнеркәсіп саласын дамытудың артықшылықтарына тоқталып, жаңа жылыжай кешені құрылысының басталуымен құттықтады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа инвестициялық кезеңді бастауды, оның ішінде агроөнеркәсіп саласына баса мән беруді тапсырған болатын. Өздеріңізге белгілі, агроөнеркәсіп кешені – облыс экономикасының негізгі салаларының бірі. Бүгін құрылысы басталатын жылыжай кешені тұрғындарымыздың маусымаралық кезеңдегі қажеттілігін толық қамтуға және өңіріміздің экспорттық әлеуетін арттыруға серпін береді. Ең бастысы, жүздеген отбасы үшін тұрақты табыс, жастарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады", – деді Мұрат Нәлқожаұлы.


Салтанатты шарада Мустафа Капуджу, облыс прокурорының міндетін атқарушы – инвестициялық омбудсмен Нұрболат Дүйсенбаев сөз сөйледі.

Ауыл шаруашылығы саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықбанұлы батасын берді.

Заманауи жылыжай кешені – агроөнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған маңызды жоба. Жылына 45 мың тонна қызанақ, қияр және корнишон өндіруге арналған кешен іске қосылғаннан кейін 1300 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Суреттер: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, су және жер ресурстарын тиімді пайдалануға, сондай-ақ саланы әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Жылыжай кешені іске қосылғанда тұрғындар жыл бойы сапалы әрі қолжетімді көкөніске қол жеткізеді. Бұл баға тұрақтылығын сақтауға және жергілікті өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға ықпал етеді.

Читайте на сайте