World News in Kazakh

Президент Испания короліне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.Қасым-Жомарт Тоқаев Толедо өлкесінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қайтыс болуына байланысты Испания королі VI Фелипеге, жақынынан айырылған отбасыларға және барша испан халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ Президент зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Айта кетейік, 28 қазанда Испанияда екі жолаушылар пойызы соқтығысып, кем дегенде 50 адам қаза тапты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте