Рыбакина 2027 жылғы басты мақсатын атап, Олимпиада туралы пікір білдірді
Әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Алматыда өткен баспасөз мәслихатында келесі маусымға дайындығы, ұлттық құрама сапында өнер көрсету мүмкіндігі және 2027 жылғы басты мақсаты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Рыбакина журналистермен кездесіп, жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді. Кездесуде алдағы Олимпиада ойындарына дайындық аясында спортшының Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсету мәселесі де қозғалды.
Теннисшінің айтуынша, келесі маусымда жарыс кестесіне қарай ұлттық құрама сапында жиі өнер көрсетуге тырысады. Дегенмен бұл ретте денсаулығына да баса мән бермек.
"Әрине, Олимпиада жылы жақындап келе жатқандықтан, жарыс кестесіне қарап, ұлттық құрама сапында өнер көрсету мүмкіндігін қарастырамыз. Әзірге WTA жарыстарының күнтізбесі де дайын емес. Денсаулығымды да ескереміз. Олимпиадаға дайындалуымыз керек, сондықтан ірі турнирлерге де, ұлттық құрама ойындарына да қатысуға тырысамыз", – деді Рыбакина.
Қазақстандық теннисші аяқталған маусымның ең қиын кезеңін де еске алды. Оның айтуынша, АҚШ-тың ашық чемпионатындағы жеңістен кейін күш жинап, бабына келу оңай болмаған.
Ол кезде спортшы жарақатынан енді ғана айыққан еді. Тартысты өткен жарыс оның физикалық және психологиялық тұрғыдан қажуына себеп болған.
"US Open турнирі эмоциялық тұрғыдан оңай болған жоқ. Жеңіске жеттім, адреналин де болды. Ол кезде жарақаттан енді ғана айыққан едім. Бүкіл турнир өте тартысты өтті. Одан кейін физикалық та, эмоциялық та тұрғыдан әлсіреп қалдым. Қалпыма келіп, Азиядағы турнирлерді жалғастыру қиын болды", – деді спортшы.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Tennis Federation (@ktf.kz) жарияланымы
"Үлкен дулыға" санатындағы үш турнирде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингтің көшін бастаған қазақстандық теннисші қол жеткізген жетістіктерімен шектелмейді.
Оның 2027 жылғы басты мақсаты – "Ролан Гаррос" турнирінде топ жару. Мансабында "Үлкен дулығаның" төрт турнирін де жеңіп шығу үшін Рыбакинаға Францияның ашық чемпионатының жүлдесі ғана жетіспейді.
"Келесі жылға қойған мақсатым – "Ролан Гаррос" турнирінде жеңіске жету. 2027 жылы осы мақсатыма жақындай түсемін деп үміттенемін. Енді рейтингке бұрынғыдай көп мән бермеймін. Қазір бәрі мені жеңгісі келетіні анық. Әлемдік рейтингтің бірінші сатысына көтерілгендіктен, ендігі басты міндетім – "Үлкен дулыға" турнирлерінде жеңіске жетіп, жарыстарда тұрақты нәтиже көрсету", – деді теннисші.
Алдағы жылдардағы басты қарсыластары туралы сөз қозғаған Рыбакина Мирра Андреева, Кори Гауфф және Элина Свитолинаны ерекше атап өтті. Оның пікірінше, әйелдер теннисіндегі күштер арақатынасы тез өзгеруі мүмкін.
Қазақстан теннисінің тарихындағы тұңғыш әлемдік рейтинг көшбасшысы
2026 жылы Елена Рыбакина 54 кездесуде жеңіске жетіп, 14 матчте жеңіліс тапты. Спортшы төрт турнирде топ жарды. Оның екеуі – "Үлкен дулыға" санатындағы Аустралияның және АҚШ-тың ашық чемпионаттары. Рыбакина қос турнирде де алғаш рет жеңімпаз атанды.
US Open турниріндегі жеңісінен кейін Елена кәсіби мансабында алғаш рет әлемдік рейтингтің көшіне шығып, жыл аяғына дейін осы орнын сақтап қалды. Ол – Қазақстан тарихында мұндай жетістікке жеткен тұңғыш теннисші.
Америкалық беделді ESPN спорт басылымы Елена Рыбакинаны жылдың үздік теннисшісі деп таныды. Сондай-ақ, Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) да оны осы марапатқа үміткерлер қатарына қосты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Elena Rybakina ???? (@lenarybakina) жариялаған жазба